Напишите текст пожалуйста.
Ответ
3 (2 оценки)
1
gulsattulegen3 11 месяцев назад
Светило науки - 11 ответов - 0 раз оказано помощи

Ответ:

Кен орындарының бір бөлігі облыста ертеден және табысты өндірілуде, қалғандарында қосымша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Облыстың жарты аумағын Ертіс өңірі ойпаты алып жатыр, геологтар көмірсутегі шикізатының мол қоры жағынан оның болашағы зор деп есептейді. Мұнайдың болжамды ресурстары - 315 миллион тоннаға, ал газдікі – 148 миллиард текше метрге бағаланады. Облыста кең тараған пайдалы қазбалардың 89 кен орны жұмыс істейді. Бұл – әр түрлі құрылыс материалдарын өндіруге, өнеркәсіп мұқтаждықтарына және басқа да мақсаттарға арналған шикізат. Мысалы, Қарасор кен орны – ТМД-дағы ең ірісі. Каолин отқа төзімді саздың Суханов кен орнында шамамен 700 миллион тонна құнды шикізат сақталған. Павлодар облысында Қазақстанның барлық көмір қорының үштен бір бөлігінен астамы шоғырланған. Ең ірі кен орындары – Екібастұз және Майкөбе, оларда сәйкесінше 10,5 миллиард және 2,2 миллиард тонна энергетикалық шикізат сақталған. Барлық кен орындарының ерекшелігі - көмірдің тереңде жатпағандығы, ал кей жерлерде тіпті жер бетіне шығып жатқандығы болып табылады. Сондықтан ол ашық, үнемді әдіспен өндіріледі

Остались вопросы?