1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ереркшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.
1- мәтін
Бұл экспериментке 150 адам қатысқан. Олар 1000 сөзден тұратын мәтінді оқуы керек болған. Қатысушылардың жартысына кейіпкердің дәмханаға кіріп адамдармен әңгімелесетінін, оның хаты жергілікті газетке қалай жарық көргені туралы әңгіме берілді. Ал екінші жартысы оқиға орны өзгерген ғылыми-фантастикалық нұсқадағы әңгімені оқуы керек: ғарыш кемесінде жүрген кейіпкер, бөтен адамдар, андроидтар жат ғаламшарлықтар. Бірінші мәтінде «есік» деген сөз кездессе, ғылыми-фантастикалық шығармада ол сөз «шлюз камерасына» ауыстырылады. Сөздері өзгерсе де екі әңгіменің де оқиғасы бірдей болған. Экспериментке қатысушылар әңгімені оқып шыққан соң шығармадағы бас кейіпкердің баяндауы мен оның жай-күйін қалай қабылдағаны туралы баяндауы керек.
Зерттеушілер сюжет желісінің ғылыми фантастикаға ауысуы қатысушылардың көркем тілді түсінуін бірден төмендеткенін айтады. Олардың айтуынша, ғылыми фантастика оқырмандары кейіпкердің күйін сезінбейді.
Екінші мәтінді талдағандардың көпшілігі ғылыми фантастикадағы оқиғалар назар аударуға тұрмайды және терең ойланып оқуды қажет етпейді деп санаған.
2- мәтін.
Курчатов қаласындағы ядролық зерттеу орталығы. Аса қауіпті радиоактивті заттармен жұмыс істеуге арналған зертхана. Жердің астында бункерде орналасқан. Бункер екі аймаққа қалыңдығы 20 сантиметр қорғасын тотығы қосылған радиоактивті сәуле өткізбейтін шынымен бөлінген.
Орындық үстінде отырған ғалымдар шынтақтарын төбеден түскен білектей жуан буындары бар ілмектерге креслоның қанаттарына тіреп отырғандай. Ілмектер қолдың буындарының қимылына сәйкес дәлме-дәл қозғалады. Әр ілмек басында қайшының

тұтқалары тәріздес көздері бар. Оператордың үлкен және сұқ саусағы осы көздерге киілетін. Шынының арғы жағындағы ілмек жасанды қолға айналатын. Тек басында саусақтар орынына тістеуік басына ұқсас қапсыра ұстауға арналған тістері бар манипулятор. Қозғалыс көшірмесін жасайтын манипуляторларды басқарған үшін оператор роліндегі ғалымдар «бір- бірін қуыршақ жүргізуші» деп қалжыңдасатын. Қуыршақ театрында жансыз қуыршаққа артист жан бітіреді. Көрермен жан дүниесіне жол салады. Ғалымдар басқаруындағы металл қолдар жанды дүниеге тиым салынған ортаға жол ашты.
Зертханада жоспар бойынша екі ғалым тәжірибелерін жүргізуде. Бірі жиырма жастағы жігіт. Тік маңдайынан түскен кекілі бар. Бет жүзінің қырлары тік. Ұзын сорайған мойыннан ақ халат киім ілгішке іліп қойғандай кең иықтарынан салбырайды. Екіншісі орта жастан асқан бет жүзі дөңгелек келген ересек адам. Қою қасты, қырғи тұмсығына көзілдірігін іліп алыпты. Қасында манипуляторды басқарып отырған жас ғылымның қимылын бақылап отыр. Іштей қобалжығанынан ба? Оң жақ құлағының ұшын ұстай береді.
1-мәтін 2-мәтін Тақырыбы
Кімдерге оқуға арналған? Қандай стильде жазылған?

2-тапсырма. \"Марсқа саяхат\" тақырыбында жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме жазыңыз. Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерінің дұрыс қойылуын ескеріңіз.

ДАМ 40 БАЛЛОВ ЗА ПРАВИЛЬНЫЙ ОТВЕТ

қазір тоса тұр

Ответ
5 (1 оценка)
1
2396857412 2 года назад
Светило науки - 17 ответов - 0 раз оказано помощи

Ответ:

1-тапсырма

1 мәтін 2мәтін

Тақырып

1)бала ұйқысындағы қорқыныштар

2) қиял-ғажайыптардыың көптеген ерекшіліктері.

Құрылымы

1)ерекше түс

2)тәжірибелік жұмыс

3)түстегі болашақ

1)Жинақтар мазмұны

2) Фантастикалық сенім

3)Халық қиялы

Мақсаттық

аудитория

1)Ғылыми фантастика

2)Ғалыми фантастика

Тәндік

ерекшелігі

1)бейтарап стиль

2)Кітаби стиль

Жазылым:

Фантастика жанрын сүйіп оқитындардың тарапына айтылған мынадай сынның куәгері болып жүргеніміз жасырын емес: «Ертегі оқығанша, дұрыс ой салатын шығарманы оқы». Шынында, фантастика деген не? Бұл бағыт әдебиеттің нағыз шыңына шыққан Шекспир, Толстой, Әуезов секілді классиктердің туындыларымен қатар тұруы тиіс пе әлде олар тек көңіл көтеру мақсатында жазылған шығарма ма? 

Фантастика біртекті жанр қатарына жатпайды. Оруэлдің антиутопиясы (1984), Толкиннің сиқырлы әлемі, Гаррисон романдарының барлығы – фантастика. Әрине, бұл жанрда ақылға қонымсыз заттар мен иллюзия арқылы ғана келетін «макалатураға» сай белгілер кездеседі. Тіпті, осыған бола сыншылардың қатарында фантастиканы сары басылымдардың бір бөлшегі санайтындар аз емес. Дегенмен, классик ретінде орыс әдебиетінің шамшырағы болған Булгаковтың «Мастер және Маргарита» романының өзінде фантастиканың элементтері кездесетінін де мойындаған жөн.

Бұл жанр еш оқиғаға негізделмейтін, бар болғаны ересектерге арналған ертегі деген пікірмен келіспеске амал жоқ. Өйткені, фэнтэзи жанрының кейіпкерлері шынымен ертегіні еске салады: эльфтер, перілер, ханшалар, батырлар, сонымен бірге сиқыр да қатардан қалмайды. Бірақ, оған бола салмақты ой салатын әдеби жанрлардың қатарынан сызып тастауға болмайды. 

Біріншіден, әлемдік бестселлер болған, 10 жылдан астам уақыт бойына фильмдері сатылым бойынша алдыңғы қатарларды бермеген Джоан Роулингтің «Гарри Поттері» адамдарға қиындыққа берілмеуді үйретіп қана қоймай, адам өзінің ішіндегі жауын жеңбей жетістікке жетпейтінін дәлелдейді. 

Екіншіден, фантастиканың ішінде ғылыми фантастикаға (science fiction) деген қызығушылық жоғары екенін, олардың басым көпшілігі талай фильмнің сценарийіне арқау болғанын айтпай кетуге болмайды. Мысалы, америкалық жазушы Энди Вейрдің «Марсианин» романын тілге тиек етеміз. Өйткені, оқып отырып, техникамен ғана емес, ғарыш кеңістігінің заңдарымен, одан бөлек биологиялық қалдық арқылы топырақты құнарландыратынын білуге болады. 

Сонымен қатар, Оруэлдің романынан адамзатқа арналған үмітті жолдауды байқаймыз. Қорқынышты етіп сипаттай отырып, адам бойындағы жауыздық, мансапқұмарлық, ақымақтықтың шегі болмаса қандай салдарға әкелетінін көрсетеді. 

Сонымен фантастика деген не? Меніңше, бұл – автордың оқырманға жеткізгісі келген ойын аша түсетін, оны жан-жақты сараптайтын жанр түрі. Фантаст «реализмнің» шекарасынан аса алады әрі өзге кеңістікті еркін құрады.

Фантастика қорқытады, оқытады, күлдіреді және шабыт сыйлайды. Сонысымен ерекше.

Объяснение:

Остались вопросы?