Оқылым. Жазылым.
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Жоспар құрыңыз.

Ән – халықтың мұрасы. Ән — өнер. Ән – адамның көңіл күйі, қуанышы, сезімі.
Менің ұлтым — орыс. Маған қазақ әндері ұнайды. Менің анам қазақша әндерді жақсы
айтады. Менде анаммен қосылып ән айтамын. Мен «Атамекен» әнін жақсы көремін. Ол —
патриоттық ән. «Атамекен» — туған жерге арналған ән. Бұл ән 1970 жылы жазылған. «Атамекен» әнін Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев орындайды. Ескендір Хасанғалиев шетелде жүрген кезінде Қазақстанды сағынады. Атамекен туралы ән жазады. Әннің Сөзін ақын Қадыр Мырза-Әлі жазған.
«Атамекен» әнін халық жақсы көреді. Бұл әнді Ескендір Хасанғалиев айтқан кезде
халық орнынан тұрып, бірге айтады.
1970 жылы Ескендір Хасанғалиев Швеция елінде осы әнді айтады. Стокгольм қаласының адамдары «Атамекен» әнін айтқан Ескендір Хасанғалиевке үлкен қошемет көрсетеді.Қазіргі кезде дейін бұл әнді бәрі айтады.
«Атамекен» — Қазақстан халқы сүйіп тыңдайтын ән. Өйткені Қазақстан – бәріміздің ортақ атамекеніміз.


Жазылым.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

«Атамекен» әнінің авторы кім және әнді кім орындайды?
__________________________________________________________________
«Атамекен» әнінің сөзін жазған кім?
__________________________________________________________________
«Атамекен» әні қай жылы жазылған?
__________________________________________________________________


Жазылым.
3 – тапсырма. Берілген сөздердің синонимін тап.
Ынтымақ -
Отан -
Ел -
Достық –
Татулық –

Жазылым.
4 – тапсырма. Жазылым. «Жерұйық» фильмінің мазмұны бойынша 60 -70 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Шығарманың тақырыбын, идеясын анықтаңыз.
Ответ
4 (3 оценки)
2
erke0102 3 года назад
Светило науки - 63 ответа - 0 раз оказано помощи

Атамекен әнінің сөзін жазған - Қадыр Мырза Әлі.

«Атамекен» әні қай жылы жазылған - 1970 жылы

Атамекен әнін Ескендір Хасанғалив орындайды

Остались вопросы?